Қоғам

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Мемлекеттік тіл саясатын ілгерілету іс-шаралары аясында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті ұйымдастырған дәстүрлі «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Аталған байқау – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге, тіл мәдениетін арттыруға және қазақ тіліне деген қызығушылықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы күшейтуге бағытталған маңызды бастама. Байқау журналистердің, медиа мамандардың және белсенді азаматтардың шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік береді.

Жалпы байқауға 120 өтінім түсіп, «Үздік мақала» және «Үздік теле-/ радиобағдарлама» номинациялары бойынша жалпы 196 журналистік материал бағаланды.

Байқауға кәсіби журналистер, теле- және радиокомпаниялар ұжымдары, газет және интернет-БАҚ редакциялары, сондай-ақ мемлекеттік тіл мәселелеріне қатысты материалдар жариялаған азаматтар қатысты.

Қазылар алқасының шешімі бойынша «Үздік телебағдарлама» номинациясы бойынша байқаудың жеңімпазы «JAMBYL» телеарнасының редакторы Бейсекова Жұлдыз Асқарқызы болып танылды. Оған 1 000 000 теңге сомасына сертификат табыс етілді.

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауы осы жылы өзінің 20-шы рет жалғасын тапты.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button