Ел тынысы

«Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауы өтеді

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауы      2025 жылғы 7 қарашада  Шымкен қаласында өткізеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Байқау мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейтуге, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді азаматтарды ынталандыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған.

Байқауға облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларында өткен өңірлік кезеңнің жеңімпаздары қатысады.

Байқау мемлекеттік тілді жетік меңгерген әскери қызметшілердің арасында өтеді.

Байқаудың өтетін орны: Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5-үйде орналасқан Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Байланыс телефондары: 8(775)-000-92-98.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button