Қоғам

«Мемлекеттік сатып алу туралы» заңға қандай жаңашылдықтар енгізілді?

Биыл 1 қаңтардан бастап «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң қолданысқа енгізілді. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил жаңа заңда қарастырылған жаңашылдықтар туралы баяндады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Құжатта сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің сапасын көтеру көзделген. Бұл ретте мемлекеттік органдардың деректерін кеңінен пайдалану арқылы әлеуетті жеткізушілер туралы ақпаратты деректер базаларынан алуға болады. Сонымен қатар, конкурсты өткізу мерзімдері, процедуралары, шағымдарды қарау мерзімдері қысқартылды», – деді спикер.

Оның айтуынша, жаңа заңда отандық тауар өндірушілерді қолдауға басымдық берілген.

«30% мөлшеріндегі аванс, айыппұл санкцияларын азайту, сондай-ақ басқа да тауар өндірушілерді қолдау бойынша шаралар қарастырылған», – деді қаржы вице министрі.

Бұдан бөлек, сатып алулар рейтингтік-балдық жүйеге көшірілді. Әлеуетті жеткізушілердің жауапкершілігі күшейтілді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button