Ел тынысы

«Мемлекеттік рәміздер – елтаным негізі» атты конференция өтті

Бүгін Астанада тұңғыш рәмізтанушы, публицист-жазушы, ақын Ербол Шаймерденовті еске алуға арналған «Мемлекеттік рәміздер – елтаным негізі» атты конференция өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараға депутаттар, қоғам қайраткерлері, тарихшылар мен жазушылар, мәдениет саласының қызметкерлері қатысты. Жиында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин құттықтау хаты оқылды.

«Ербол Шаймерденов саналы ғұмырын еліміздің мәдениеті мен баспасөзінің, тіл саласының өркен жаюына, мемлекеттік рәміздерімізді ұлықтауға арнаған тағылымы зор тұлға, біртуар азамат еді. Ол елтаңба, ту мемлекеттік рәміз ретінде қабылданып жатқан кезде комиссия мүшесі болып, кейін рәміздерді зерделеп-зерттеп, саланың дамуына зор үлес қосты», – делінген құттықтау хатта.

Жиында ҚР Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитет төрағасы Нұртөре Жүсіп тарихи тұлғаның қазақ руханиятына сіңірген өлшеусіз еңбегін атап өтті.

Конференция барысында мемлекет және қоғам қайраткерінің архивтегі бейнефильмдері көрсетіліп, ұлттық нышандар туралы өлеңдері оқылды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button