Ел тынысы

Мемлекеттік қызметші құқығы жіті қорғалады

Мемлекеттік қызметтің беделі мен абыройы – мемлекеттің негізі. Мемлекеттік қызметкердің құқықтары заңмен қорғалады. Алайда кей жағдайларда бұл құқықтар ескерусіз қалып, әділеттілікке тек жоғары тұрған органдар мен сот арқылы ғана қол жеткізуге тура келеді. Осындай жағдай жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың бірінде орын алды.

Департаментпен әрекет ету нәтижесінде жұмыстан шығару туралы  бұйрықтың күші жойылып, мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді. Мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару туралы негізсіз бұйрыққа жол берген, заң талаптарының нормаларын сақтамаған мекеменің лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұл жағдай – құқықтық мемлекет қағидаттарының нақты көрінісі. Мемлекеттік қызметкер өз құқығын заң аясында қорғауға толық құқылы. Заң бұзушылығы орын алған жағдайда уәкілетті органдар әділ шешім қабылдай алатынын көрсетті. Сонымен қатар, кез келген мемлекеттік орган уәкілетті органның заңды ұйғарымдарын орындауға міндетті екенін тағы бір рет еске салды. Мемлекеттік қызметтің имиджі заңдылықты сақтау мен әділеттілікке негізделуі тиіс.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті

 

 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button