Білім

Мектепте – жасанды сана

Астананың №101 орта мектебінде «Жаратылыстану мен математикалық ғылымдар саласындағы жасанды интеллект: инновациялар және келешек мүмкіндіктері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараны Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен қалалық Әдістемелік орталығы бірлесе ұйымдастырды.

Конференция жасанды сананың жаратылыстану және математикалық ғылымдарға ықпалын зерделеу, білім беру жүйесіне енгізудің тиімді жолдарын талқылау, педагогтар мен зерттеушілер арасында тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыруға арналды. Іс-шарада сөз алған Астана қаласы Әдістемелік орталығы орта білім беру бөлімінің әдіскері Анар Қаб­диева бүгінде мектептерде виртуалды зертханалар кеңінен қолданылатынын атап өтті. Виртуалды ортада оқушылар құрал-жабдықтармен жұмыс істеп, шынайы өмірде көзге елес­тетуге қиын күрделі геометриялық пішіндерді зерттейді. Мұның барлығы 3D технологиялар арқылы жүзеге асады, бұл өз кезегінде сабақты көрнекі әрі қызықты етеді деседі. Сонымен қатар оқушылар өз бетімен түрлі бағдарлама әзірлеп, жасанды сананы есептер шешуге және жеке жобаларын жасауға пайдаланады. Олардың көпшілігі өз жұмыстарын ғылыми-тәжірибелік конференция­ларда, соның ішінде халықаралық деңгейде де таныстырып жүр. Іс-шара барысында оқушылар ғылыми жобаларын көпшілікке таныстырды. Солардың бірі – мектептің 8-сынып оқушысы Аружан Мәлік.

– Біз командамызбен ағылшын тілін үйренуге арналған веб-сайт жасадық. Сайтта тыңдалым, жазылым, айтылым және оқылым секілді бөлімдерге қатысты 18 карта бар. Веб-сайтты жасау үшін HTML, CSS және JavaScript тілдерін қолдандық, сондай-ақ ChatGPT-ді қоса пайдаландық. Бұл құралдардың барлығы бізге бірегей контент жасауға көмектесті, – деді оқушы.

Индира БЕРЖАНОВА

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button