Ел тынысыСаясат

Мектепте конституциялық реформалар түсіндірілді

Бүгін елордадағы №114 мектеп ұжымымен «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен түсіндіру кездесуі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара барысында педагогтермен ашық диалог алаңы ұйымдастырылып, ұсынылып отырған конституциялық реформалардың негізгі бағыттары мен маңызы кеңінен түсіндірілді.

Кездесуге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дүйсенғазы Серікзат, «Ақ жол» партиясының өкілі Жанаргүл Кульмагамбетова, қоғам қайраткері Фарида Даримова, сондай-ақ Қазақстан Халық партиясының өкілі Дильназ Байдильдина қатысты.

Спикерлер өз сөздерінде жаңа конституциялық өзгерістердің негізгі мақсаты – елдегі заң үстемдігін нығайту, демократиялық институттарды дамыту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, сондай-ақ халықтың мемлекеттік басқару процесіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейту екенін атап өтті.

Кездесу барысында педагогтер білім беру саласын дамыту, мұғалімдердің мәртебесін арттыру, сала мамандарын әлеуметтік қолдау және қоғамдағы маңызды реформаларға қатысты өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.

Диалог алаңы еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Мұндай кездесулер қоғаммен ашық байланыс орнатуға және конституциялық реформалардың мәнін кеңінен түсіндіруге бағытталған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button