Елорда тынысы
Мектепке жол – мейірімнен басталады!

«Мектепке жол» дәстүрлі акциясы аясында Нұра ауданында аз қамтылған және мұқтаж отбасылардан шыққан балаларға арналған мектеп құралдарын жинауға арналған екі арнайы мейірім мекені — қамқорлық жәшіктері орнатылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Бокстар келесі мекенжайларда орналасқан:
«Сарыарқа» СОО алдында;
«Tumar» СО алдында.
Жаңа оқу жылына дайындықта балаларға көмек қолын созғысы келетін барлық тұрғындарды игі іске атсалысуға шақырамыз!