Қоғам

Мектеп және студенттер парламенттері президенттерінің ұлықтау рәсімі өтті

Республика күні қарсаңында Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында мектеп және студенттер парламенттері президенттерінің ұлықтау рәсімі өтті. Сайлауға 1400-ден астам кандидат қатысып, 74 көшбасшы жеңіске жетті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жыл сайын жаңа көшбасшыларды ұлықтау осы жобаның 2022 жылдан бастап үйлестірушісі болып табылатын Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында өтеді.

«Мемлекеттік мереке қарсаңында салтанатты инаугурация өткізу дәстүрге айналды. Бүгінгі мектеп көшбасшылары-белсенді және жауапты жастар, олар өз құрдастарын басқаруға лайық екенін дәлелдеді.

Олардың арасында дарынды балалар, оқу үздіктері, олимпиадаларға қатысушылар және шығармашылық жобалардың жеңімпаздары бар», — деп атап өтті елордалық білім басқармасының өкілі Гүлфара Сарамбетова.

Мектептердің жаңа көшбасшылары үшін бұл іс-шара жауапты сәт болды, өйткені олардың әрқайсысы өзіне жүктелген миссияны сезінеді.

«Бүгін мен үшін өте қызықты сәт, мен өз мектебімді таныстырамын. Президент ретінде экологиялық жобаларды енгізу, балалар мен оқытушылар арасындағы байланыстырушы буын болу міндетін қойып отырмын»,-дейді Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Асылай Әбдужәлел.

Білім басқармасы өкілінің айтуынша, Астананың әрбір мемлекеттік мектебінде Өз Президенті бар. Бұл өз қатарластарынан оза шапқан, жүзден жүйріктер мен мыңнан тұлпарлар.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button