Білім

Мектеп оқушысы компьютер құрастырып шығарды

Елордадағы №119 мектептің 10-сынып оқушысы Аят Тәжен Raspberry Pi жинағын пайдалана отырып, шағын компьютер құрастырып, бағдарламалады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Дайын құрылғы тестілеуден өткізіліп, оның жұмыс жылдамдығы, интернетке қосылу мүмкіндігі және энергия тұтыну көрсеткіштері тексерілді. Тестілеу нәтижелері құрылғының оқу және күнделікті қарапайым жұмыстарға толықтай жарамды екенін көрсетті.

«Аят жобаны жетілдіру мақсатында Raspberry Pi негізіндегі шағын портативті ноутбук құрастыру жолдарын зерттей бастады. Ноутбук корпусының өлшемдерін анықтап, 3D моделін жобалау жұмысын жүргізді. Протативті ноутбуктың корпусы 3D принтерде басып шығарылған соң ішкі құрылғылар корпусқа бекітіліп жалғанды. Нәтижесінде толыққанды шағын протативті ноутбук дайын болды. Жобаны жасауға шамамен 2 ай уақыт кеткен.

Бұл жоба оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, инженерлік ойлауын дамытуға және заманауи ақпараттық технологияларға қызығушылығын қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деді жетекшісі Айбала Сарбасова.

Жоба жұмысын жүргізу барысында Аят Тажен өзінің инженерлік, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Ол сабақтан тыс уақытында Web-жобалау, 3D-модельдеу, программалаумен айналысады. Python, C++, Lua, Dart программалау тілдерін жетік меңгерген.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button