Ел тынысы

Медициналық ұйымдардың қызметін жетілдіру мәселесі талқыланды

Астанадағы Кәсіпкерлер палатасында елорданың медициналық ұйымдарының қызметіне қатысты өзекті мәселелер қаралды. Медициналық қауымдастық өкілдері, салық салу саласындағы сарапшылар мен уәкілетті мемлекеттік органдар қатысқан жиында Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі жобасы талқыланды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесу барысында «Business Revision» ЖШС директоры, Салық кеңесшілері қауымдастығының мүшесі Лариса Мильто баяндама жасап, 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа нормаларға және олардың медициналық ұйымдардың салықтық жүктемесіне қалай әсер ететінін сөз етті. Қатысушылар салықтық әкімшілендіру мен есептілікке қатысты жаңа нормаларды жан-жақты түсіндірудің маңыздылығын атап өтті.

Талқылауды жалғастыра отырып, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының директоры Гүлжан Шайхыбекова Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері, медициналық қызмет көрсетушілер, ӘМСҚ және салық саласы сарапшыларының қатысуымен жеке жиын өткізуді ұсынды.

Медициналық көмекті қаржыландыру мәселелері де кеңінен талқыланды. «Медикер Астана» ЖШС директоры Ботагөз Қалдыбекова кепілдендірілген тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде бөлінетін жылдық қаражаттың бөліну тәртібіне тоқталды.

Қаржыландыру көлемін бөлу және төлемдердің уақытылы жүргізілуіне қатысты сұрақтарға жауап берген Гүлжан Шайхыбекова қызмет көлемі жеткізушілердің электрондық платформа арқылы берген өтінімдері негізінде қалыптасатынын түсіндірді. Алайда бюджет шектеулі болған жағдайда, көлемдер пропорционалды түрде қысқартылуы мүмкін екенін айтты. Сонымен қатар, бірқатар медициналық ұйымдар қызметіне төлемдердің техникалық себептермен кешіктіріліп жатқанын растады. Оның айтуынша, ӘМСҚ жағдайды тұрақты түрде бақылауда ұстап, жеткізушілермен тікелей байланыста жұмыс жүргізуде, қажет болған жағдайда ресми түрде өтініш жолдауды ұсынады.

 

 

 

 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button