Ел тынысыСаясат

Медициналық колледжде Ата заң жобасының ел болашағы үшін маңызы сөз болды

Астана қаласы әкімдігінің Жоғары медициналық колледжінде Қазақстан Республикасының Конституция жобасын талқылауға арналған маңызды басқосу ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жиынға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің директоры Дәулеткерей Кәпұлы, Астана қаласы бойынша Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, «Ақ жол» демократиялық партиясының мүшесі Жанаргүл Күлмағамбетова және «Республика» партиясының өкілі Болатбек Айткей қатысты.

Кездесу барысында Ата заң жобасының ел болашағы үшін маңызы кеңінен сөз болды. Қатысушылар ұсынылып отырған өзгерістер әділдік пен ашықтық қағидаттарын нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғанын атап өтті.

Сондай-ақ ұлттық құндылықтарды сақтау, тарихи сабақтастықты жалғастыру және қоғамдағы жауапкершілікті арттыру мәселелері қозғалды. Әсіресе, жастардың белсенділігі мен құқықтық сауаттылығы – елдің берік келешегінің кепілі екені айтылды.

Жиын ашық пікір алмасу түрінде өтіп, студенттер мен оқытушылар өз ойларын ортаға салды. Мұндай кездесулер жастардың азаматтық көзқарасын қалыптастырып, ел тағдырына бейжай қарамауға үндейді.

Кездесу соңында қатысушылар Конституция жобасын жан-жақты қолдап, ел дамуына серпін беретін маңызды қадам екенін атап өтті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button