Қоғам

Медиация – келісімге жол

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында елордадағы Достық үйінде «Әлеуметтік және этносаралық қақтығыстарды реттеудегі медиацияның рөлі» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Конференция жұмысына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Болгария және басқа елдердің жетекші ғалымдары, сарапшылары, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

– Достық үйінде этномедиация кеңесі жұмыс істейді, оның құрамына кәсіби және қоғамдық медиаторлар, оның ішінде этномәдени бірлестіктердің өкілдері кірді. Біздің медиаторлар үлкен жұмыс жүргізуде, қазіргі уақытта Астанада этносаралық немесе ұлтаралық қақтығыстар жоқ. Осыған қарамастан, біз мұндай жағдайлардың алдын алу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Шетелдік мамандарды шақырып, онлайн форматта Болгария, Қырғызстан және Өзбекстан ғалымдары мен медиаторлары қатысты. Бұл медиация саласында тәжірибе алмасуға және ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді, – деді Қазақстан халқы Ассамблеясы елордалық бөлімшесінің этномедиация орталығының үйлестірушісі Роза Бекішева.

Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы этномедиация кеңесінің төрағасы Сымбат Шәкіров әлеуметтік және этносаралық қақтығыстарды реттеудегі делдалдықтың рөлін, сондай-ақ қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Ол этномедиация институтын, азаматтық бейбітшілік пен ұлттық бірлікті қамтамасыз ету тетіктерін дамытудың маңыздылығын айтып, қоғамдық өмірдің барлық салаларында Медиация мәдениетін жүйелі түрде ілгерілету қажеттігін жеткізді.

– Қоғамдық медиация – Ассамблея қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Оның күнделікті өмірдегі рөлі әдеттегіден әлдеқайда ауқымды. Бұрын біздің барлық жұмысымыз бейбітшілік пен келісім идеяларына негізделген, бірақ күнделікті тәжірибе оны медиа­торлардың қатысуынсыз жасай алмайтындығын көрсетеді. Біз қоғамдық медиацияның қала деңгейінде өз көкжиегін кеңейтуі туралы айтып отырмыз және денсаулық сақтау, білім беру қоғамдық өмірдің басқа да салаларында Медиацияны дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Медиация біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды, – деді Астана қаласы ішкі сая­сат басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Құсайынова.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар пікір алмасып, этностардың өзара келісімі мен қоғамдық іс-қимылдың жаңа үлгілерін ұсынды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button