Әлеумет

Мамандық таңдаудың алғашқы баспалдағы

«Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында астана­лық 5-8-сынып оқушыларына арналған «Кәсіптік квест» лагері басталды.

«Аталмыш лагерьге біз өз болашағымызды таңдау үшін келеміз. Мамандықтармен, оқу барысымен танысып, өзімізге лайықты жолды іздейміз. Жақсы білім алу – жақсы өмірдің бастауы. Менің ойымша, «Кәсіптік квест» жобасы – оқушыларға өз мамандығын таңдау үшін таптырмас мүмкіндік» дейді жоба қатысушысы Дария Қуаныш.

Бұл жоба алғаш рет қаланың Технологиялық, Техникалық, Сервис және туризм, Педагогикалық, Жоғары көлік және коммуникация, Astana polytechnic колледждері мен Астана халықаралық университетінің ұйым­дастыруымен жүзеге асып отыр.

– Алғаш рет елордада мұндай жоба өтіп жатыр. Оқушыларға осы бастан-ақ әлемде қандай мамандықтар бар екенін үйретіп, таныстыруды мақсат еттік. Қатысушылармен арнайы педагог, психолог, кәсіптік бағыт беруші мамандар жұмыс істейді. Биыл бірінші рет ұйымдастырылып жатқандықтан, тәжірибелік жобамыз 5 күнге жоспарланған. Серіктестеріміз, яғни мектептер мен колледждер тарапынан жобаның уақытын ұзарту туралы сұра­ныстар мен ұсыныстар күн сайын келіп түсіп жатыр, – дейді елордалық Білім басқармасының мектеп жанындағы жазғы лагерь ұйымдастыру жобасының мүшесі Данагүл Шоманова.

Лагерьдің алғашқы күніндегі іс-­шаралар Технологиялық колледж қабырғасында ұйымдастырылды. Оған 60-қа жуық оқушы қатысты. Іс-шара барысында оқушылар «тамақтандыруды ұйымдастыру», «шаштараз ісі», «тігін өндірісі және киім үлгілеу» мамандықтарымен жіті танысты. 

Жансая АЛМАХАН,

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button