МАГАТЭ Қазақстанға АЭС салудың барлық кезеңінде қолдау көрсетеді

Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен МАГАТЭ Бас директоры Рафаэль Гросси кездесті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Гросси Қазақстанның іс-қимылдарының жүйелілігі мен дәйектілігін атап өтіп, Агенттіктің ядролық бағдарламаның барлық кезеңінде – алаңды таңдаудан және құрылысқа дайындықтан бастап, нысандарды пайдалануға беруге дейін кешенді қолдау көрсетуге дайын екенін растады.
Тараптар 2025–2027 жылдары МАГАТЭ-нің салалық департаменттерінің жүйелі өзара іс-қимылын, миссиялар мен іс-шараларды өткізуді көздейтін бірлескен «жол картасын» әзірлеуге келісті.
Кездесу қорытындысында Қазақстан тарапынан Рафаэль Гроссиге елге ресми сапармен келіп, диалогты жалғастыру және екіжақты ынтымақтастықты тереңдету жөнінде ресми шақыру жолданды.