Ел тынысы

Мәжіліс ең төменгі жалақыны белгілеу туралы заңды қабылдады

Мәжіліс дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төмен жалақыны белгілеу туралы конвенцияны (131-конвенция) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы заңын қабылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Осылайша, Қазақстан ең төменгі жалақыны айқындау тәсілін халықаралық деңгейде бекітті.

— Қазақстан 1993 жылдан бастап халықаралық еңбек ұйымының толық мүшесі және аталған ұйымның ережесін сақтау мен халықаралық еңбек стандарттарын ұлттық заңнамаға кезең-кезеңімен енгізу бойынша міндеттеме алды. Бүгінде елімізде еңбек жағдайы, еңбекті қорғаудың және әлеуметтік диалогтың негізгі мәселелерін қамтитын еңбек саласындағы халықаралық ұйымның 28-і конвенциясын ратификациялады. Осы бағытта жүйелі әрі бірізді жұмыс істеп жатырмыз, — деді Светлана Жақыпова Мәжілістің жалпы отырысында.

Министр 1970 жылы қабылданған және бүгінде халықаралық еңбек ұйымына мүше әлемнің 54 мемлекеті ратификациялаған ең төменгі жалақыны белгілеу туралы 131 конвенциясын ратификациялауды ұсынып отыр.

Конвенция келесі қағидаттарды қамтиды:

— ең төменгі жалақы жүйесін енгізу;

— ең төменгі жалақы белгілеу және қайта қарау кезінде әлеуметтік әріптестік тарапының қатысуы;

— ең төменгі жалақыны анықтау кезінде экономикалық факторлар мен қызметкерлердің қажеттілігін есепке алу;

— еңбекақы төлеу саласындағы кемсітуге тыйым салу;

— Конвенцияны ратификациялау туралы шешім қабылданғанға дейін ұлттық заңнаманы 131 конвенцияның ережелеріне сәйкестендіру бойынша жұмыс істелді. Нәтижесінде 2024 жылы халықаралық еңбек ұйымының ұсынымдарын ескере отырып әзірленген жалақының ең төменгі мөлшерін әдістемесі бекітілді. Аталған әдістемеге сәйкес, ең төменгі жалақы медиандық жалақымен еңбек өнімділігі негізінде анықталады. Бұл тәсіл белгіленген ең төменгі жалақы деңгейін әлеуметтік әділеттілік пен экономикалық негізділігі арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етеді. Осылайша, қолданыстағы заңнама № 131 конвенцияның ережелеріне сәйкес келеді, — дейді ол.

№ 131 конвенцияны ратификациялау нені көздейді:

— Қазақстанның ең төменгі жалақыны айқындайтын қолданыстағы тәсілін халықаралық деңгейде бекітуге;

— әлеуметтік диалогтың құқықтық базасын әсіресе, ең төменгі жалақыны белгілеуге тараптардың қатысуы бөлігінде нығайтуға;

— Халықаралық еңбек ұйымына мүшелік шеңберінде Қазақстанның халықаралық міндеттемесіне адалдығын растауға мүмкіндік береді.

Биыл тамызда белгілі болғандай Үкімет ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру идеясынан бас тартты.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button