Мәслихат

Мәжіліс депутаттары елордадағы ЖЭО-3 жұмысымен танысты

Парламент Мәжілісінің депутаттары, Астана қалалық әкімдігі және AMANAT партиясы елордалық филиалының өкілдері бас қаладағы ЖЭО-3 нысанына арнайы барды. Соның барысында олар станцияның өндірістік үдерісі, техникалық мүмкіндіктері және еңбек ұжымының жұмыс жағдайымен жан-жақты танысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

ЖЭО-3 — елорданы жылумен тұрақты әрі сенімді қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын негізгі энергетикалық нысандардың бірі. Станция экологиялық тұрғыдан анағұрлым таза газ отынымен жұмыс істейді және Астананың оңтүстік-батыс бөлігін жылумен қамтып, қаланың энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосуда. Оның жобалық қуаты сағатына 440 Гкал-ды құрайды. Бұл жылу энергиясының тапшылығын айтарлықтай азайтып, әсіресе жылыту маусымындағы ең жоғары жүктемелер кезеңінде жылумен жабдықтау жүйесінің тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінде станция елорданың шамамен 30 пайызын жылумен қамтамасыз етіп отыр.

-Кездесу аясында кәсіпорын қызметкерлерімен мазмұнды әңгіме өрбіп, әлеуметтік, экономикалық және тұрмыстық сипаттағы өзекті мәселелер көтерілді. Сондай-ақ еңбек жағдайын жақсартуға және нысанды одан әрі дамытуға қатысты бірқатар ұсыныстар айтылды. Көтерілген барлық мәселелер мен ұсыныстар назарға алынды. Әрбір мәселе бойынша тиісті талдау жүргізіліп, жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп нақты әрі салмақты шешімдер қабылдау бағытында жұмыс жалғасатын болады, — дейді Астана қалалық мәслихатының депутаты Ләззат Разбекова.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button