ҚоғамМәслихат

Мәслихатта маңызды мәселелер қаралды

Астана қалалық мәслихатының құрылыс, экология, көлік және ЖКХ мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында қоғамдық орындар мен аула аймақтарын абаттандыру, сондай-ақ сыртқы жарықтандыруды дамыту мәселелері қаралды. Талқылауға алты аудан әкімі, Қоршаған ортаны қорғау басқармасының және Урбанистика орталығының басшылары қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Алдағы жылдары «Жаңа келбет» бағдарламасы аясында қаланың тарихи бөлігін жаңарту жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Бағдарламаға көшелерді абаттандыру, қоғамдық және демалыс орындарын дамыту, сондай-ақ жасыл желекті кеңейту жоспарланған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тек орталық аудандар ғана емес, тұрғын, өндірістік және сауда аймақтары, әсіресе оң жағалаудағы аудандар да көрікті болуы тиіс екенін атап өтті.

Депутаттар барлық жоспарланған шаралардың заманауи және ыңғайлы қала ортасын қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстың бөлігі екенін атап өтті.

2026 жылы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы жүзеге асыратын негізгі жобалар мыналар:

«Мыңжылдық» аллеясын салу (I кезең), Greenline бульвары (II кезең), Экопарк, «Сарайшық» саябағын реконструкциялау (II және III пусковые кешендер), сондай-ақ Бектұров көшесі бойынша, Алматы ауданында (Р. Қошқарбаев көшесі), Есіл ауданында (Нұра–Есіл каналы бойымен), «Привокзальный» саябағындағы скверлерді абаттандыру. Сонымен қатар, Сарыбұлақ өзенінің арнасын Н.Тілендиев даңғылын теміржол жолына дейін реконструкциялау жоспарланған.

Отырыста 8 баяндама тыңдалды, оның ішінде Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы, Урбанистика орталығы басшылары мен 6 аудан әкімі бар. Ең басты мәселе — қаржыны үнемдеу жағы басып айтылды. Тұрғындар жиі жүретін жолақтардың төсенішін (брусчатка) айырбастамай, орнына асфальт салу бойынша ұсыныс берілді. Барлық ұсыныстар қаулыға тапсырма ретінде енеді, депутаттар қадағалауында болады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button