Денсаулық

МӘМС жүйесінде сақтандырылғандар саны артады

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынің мәліметінше, елімізде шамамен 17 миллион адам міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде сақтандырылған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Олардың ішінде 12 миллион азамат жеңілдік санатына жатады. Бұл қатарға балалар, студенттер, жүкті әйелдер, зейнеткерлер және мүгедектігі бар адамдар кіреді. Тағы 4,5 миллион адам МӘМС жарналарын өз қаражаты есебінен төлеп отыр.

Сонымен бірге 3 миллионнан астам азаматтың сақтандырылған мәртебесі жоқ. Олардың шамамен 1 миллионы өздігінен жарна төлеуге мүмкіндігі жоқ адамдар санатына жатады. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл азаматтар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары жергілікті атқарушы органдардың есебінен төленетін болады.

Сондай-ақ ресми түрде тіркелген жұмыссыз азаматтардың МӘМС жарналарын да жергілікті бюджеттен төлеу қарастырылып отыр.

Азаматтар өздерінің осы санаттарға кіретін-кірмейтінін білу үшін тіркелген емханаға жүгінуіне болады.

МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтарға тегін зертханалық талдаулар, дәрігердің кеңесі, жоспарлы операциялар, емдеу және оңалту қызметтері қолжетімді.

Сақтандыру мәртебесін келесі құралдар арқылы тексеруге болады:
• Telegram-дағы SaqtandyryBot;
• Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайты;
• Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы;
• eGov.kz порталы немесе eGov mobile қосымшасы;
• сондай-ақ кейбір екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button