Ел тынысы

Мәдениет пен спорт: жаңа дәуірдің сұранысы

Жасанды интеллект заманы тек техника емес, біздің өмір салтымызды да өзгертіп жатыр. Бұл мәдениет пен спортқа да тікелей әсер етеді. Президенттің осы салаға көңіл бөлуі – формальды сөз емес. Шын мәнінде, елдің өркениетті бағыты мәдениет пен спорт­сыз анықталмайды.

Мәдениет – ұлттың айнасы. Бірақ бізде ол әлі де екінші қатарда жүр. Нақты қолдау, жүйелі саясат болмаса, өнердің жаңа тынысы ашылмайды. Дәстүрді сақтау – міндет, бірақ оны жаңа форматта ұсыну да қажет. Онлайн сахналар, жаңа медиа, цифрлық мүмкіндіктер – бұл қазірдің өзінде қажеттілік.

Спорт – тек кәсіби жарыс­тар емес. Балаларға арнал­ған үйірмелер, қолжетімді алаңдар, қарапайым жаттығу залдары – қоғамның денсау­лығын анықтайтын басты фактор. Кәсіби спортты жекешелендіру – дұрыс қадам. Мемлекетке толық арқа сүйе­ген спорт ешқашан тұрақты болмайды. Жеке секторды тарту керек.

Бірақ ең бастысы – ауылдағы қарапайым баланың да өнермен, спортпен айналысуына жағдай жасалуында. Біз көбіне орталықтағы жетістіктерді айтамыз, шет аймақ ұмыт қалады.

Жалпы шешім үш деңгейде:

Мемлекеттен – заң, қаржы, инфрақұрылым.

Қоғамнан – еріктілер, мәдени орта, қолдау.

Жеке адам – әрқайсымыздың үлесіміз (баламызды үйірмеге беру, театрға бару, спортпен айналысу).

Турасын айтқанда, мәдениет пен спорт бізде әлі «қосымша сала» сияқты қабылданады. Ал шын мәнінде, бұл – ұлттың сапасын анықтайтын басты көрсеткіш. Егер осыны түсініп, нақты қадам жасасақ – пафоссыз, нәтижелі жұмыс басталады.

Мақпал МЫСА,

Астана қаласы «Жастар» театры директорының орынбасары

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button