Ел тынысыСаясат

Мадридте Қазақстанның конституциялық реформалары мен сыртқы саяси бастамалары талқыланды

Елші Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатының негізгі бағдарларын таныстырып, қазіргі геосаяси сын-қатерлер жағдайындағы орта державалардың рөліне жан-жақты тоқталды. Ол еліміздің көпжақты ынтымақтастық қағидаттарына және халықаралық ұйымдардың рөлін нығайтуға бейілділігін атап өтті. Сонымен қатар Қазақстанның сыртқы саяси бастамалары, оның ішінде Өңірлік экологиялық саммитті өткізу және Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің қызметі туралы ақпарат берді.

Өңірлік күн тәртібіне тоқталған қазақ дипломаты Орталық Азияның жаһандық үдерістердегі маңызы артып келе жатқанын және Астананың Еуропалық Одақпен өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған ұстанымын атап өтті. Қазақстанның Еуразия кеңістігіндегі негізгі көлік-логистикалық хаб ретіндегі рөліне, соның ішінде Еуропа мен Азия арасындағы байланыстарды нығайтуға ықпал ететін Орта дәлізді дамытуға ерекше назар аударылды.

Д. Мұсаев цифрлық трансформация мәселелеріне де бөлек тоқталып, Қазақстанның инновациялар мен жасанды интеллект саласында өңірлік орталық ретінде позициясын нығайтуға ұмтылысына мән берді. Ол әлеуметтік салада цифрлық шешімдерді енгізу жөніндегі шаралар туралы айтып, Астанада халықаралық мультиспорттық «Болашақ ойындары» турнирінің өткізілетіні жөнінде мәлім етті.

Өз сөзінде Елші елімізде жүргізіліп жатқан жүйелі саяси жаңғыру үдерістері туралы ақпарат беріп, ү.ж. 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылатын жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін таныстырды. Ұсынылып отырған реформа мемлекеттік басқару моделін кешенді жаңғыртуға және құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтуға бағытталғаны атап өтілді.

Кездесуден кейін өткен сұрақ-жауап сессиясы мазмұнды пікір алмасуға ұласып, испан аудиториясының ұсынылған бастамалар мен екіжақты ынтымақтастық перспективаларына қызығушылық танытқанын көрсетті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button