Қала мен сала
LRT жылжымалы құрамы сынақтан сәтті өтті
Астанада LRT жылжымалы құрамы сынақтық пайдалану кезінде 80 км/сағ ең жоғары жылдамдықпен қатынады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
LRT желісін сынақтық пайдалану аясында «Әуежай» стансасынан «Нұрлы жол» стансасына дейінгі учаскеде жылжымалы құрам мен инфрақұрылымның жоспарлы сынақтары жүргізіліп жатыр.
Сынақ барысында пойыздар жобалық 80 км/сағ жылдамдыққа жетті.
Жүргізілген сынақтар қозғалысты басқару, байланыс және дабыл жүйелерінің белгіленген режимде дұрыс жұмыс істейтінін растады.



