Қала мен сала

LRT жұмысқа қабылдайды

Елордада жеңіл рельсті көлік жүйесін іске қосуға дайындық аясында CTS платформа бойынша кезекші және LRT кассирі лауазымдарына қызметкерлерді қабылдау жариялады.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, платформа бо­йынша кезекші лауазымына жоғары білімі бар (мамандыққа қойылатын талап жоқ) немесе орта арнаулы білімі бар үміткерлер қарастырылады. Көлік саласындағы жұмыс өтілі кемінде 6 ай болуы тиіс, қазақ және орыс тілдерін білу – міндетті, ағылшын тілін білу құпталады.

Үміткерлердің міндеттері:

– жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру, жолаушыларға арналған жабдықтардың жұмысын бақылау;

– жолаушылар ағынын ­реттеу және платформада қоғамдық тәртіпті сақтау.

Кандидаттарға ұсынатыны:

– жұмыс беруші есебінен Астана қаласында 1 ай мер­зімге оқыту;

– Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;

– оқыту кезеңінде – 5 күндік жұмыс аптасы;

– жұмысқа қабылданғаннан кейін – ауысымдық жұмыс кестесі.

LRT кассирі лауазымына үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары:

– жоғары немесе орта арнаулы білім (бухгалтерия, қаржы, экономика, гуманитарлық бағыттар);

– мамандығы бойынша ­жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

– «1С: бухгалтерия» бағ­дарламасымен жұмыс істеу ­дағдысы;

– есеп жасау дағдысы;

Кассирдің міндетіне LRT пайдалану қағидаларын, та­риф­терді, жеңілдіктер мен жол жүру шарттарын түсіндіру; белгіленген тарифтерге сәйкес автобустарда жол жүруге арналған көлік картасын сату және толықтыру; касса­дағы есепті жүргізу кіреді.

Түйіндемелер CTS компаниясының hr@cts.gov.kz ресми сайты арқылы қабылданады. Байланыс телефоны: +7 (7172) 577 177 (ішкі 102, 207).

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button