LRT жүйесіне қызметкерлер іріктеліп жатыр

«City Transportation Systems» ЖШС Астанадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесінде жұмыс істеу үшін қызметкерлерді қабылдау басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Компания мына лауазымдарға үміткерлер іздейді:
Станциялардың ауысым басшылары;
Станция кезекшілері;
Жылжымалы құрам орталығының қозғалыс диспетчерлері;
Жылжымалы құрам орталығының орталықтандыру бекетінің диспетчерлері;
LRT жабдықтары мен инфрақұрылымын басқару орталығының диспетчерлері;
Дабыл техниктері;
Байланыс техниктері;
Электр монтерлері;
Жол жөндеу учаскесінің шеберлері;
Жабдықтарды жөндеу слесарьлары;
Қойма меңгерушілері.
— LRT жүйесінде жұмыс істейтін болашақ мамандарды оқыту жұмыс беруші есебінен жүргізіледі. Теориялық және практикалық дайындық Қазақстанда және Қытай Халық Республикасында өтеді. Курстың ұзақтығы мамандыққа байланысты — 4-6 ай. Бағдарлама аяқталған соң қатысушыларға халықаралық үлгідегі сертификат табысталып, барлығы LRT бөлімшелеріне жұмысқа орналастырылады, — делінген ақпаратта.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
– көлік, машина жасау, электр техникасы немесе тиісті салалар бойынша жоғары немесе орта-арнаулы білім;
– кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі.
Толық біліктілік талаптары cts.gov.kz сайтында жарияланған. Түйіндемелер осы сайт арқылы қабылданады.
Айта кетейік, Астанада LRT желісі Қосшыға қарай ұзартылады.



