Қала мен сала
LRT-мен жүру құны – 200 теңге

Ашық НҚАgov порталында Астана қаласының әкімдігі әзірлеген «Қаладағы жеңіл рельстік көлікпен (LRT) жолаушылар мен жүкті тасымалдау тарифі туралы» жобасы жарияланды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Жобаға сәйкес, жеңіл рельстік көлік желісінде бір сапарға билет құны 200 теңге деп белгіленген. Төлем қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жүргізіледі.
Сонымен бірге, 2017 жылғы 20 шілдедегі №167/21-VI Астана қалалық мәслихатының шешімі бойынша, Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын жекелеген санаттағы азаматтар қоғамдық көліктегі төлемнен босатылған.
Жоба Ашық НҚАgov порталында қарау және қоғамдық талқылау үшін қолжетімді. Сілтемесі https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15781849.



