Қоғам

LRT станциясында құрылыс-монтаждау жұмыстары басталады

15 шілде сағат 23:00-ден бастап 16 қазанға дейін № 108 LRT станциясында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Осыған байланысты Қабанбай батыр даңғылының, Ұлы Дала даңғылынан Бұқар жырау көшесі бағытында қозғалыс ішінара шектеледі – жол бір жолаққа дейін тарылады. Кері бағытта қозғалыс өзгеріссіз қалады.

Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз және уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.
____

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button