LRT диспетчерлерін оқытуға алдын ала қабылдау жарияланады

«City Transportation Systems» ЖШС LRT диспетчерлерін оқытуға алдын ала қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды. LRT құрамдары толықтай автоматтандырылған және жүргізушісіз жұмыс істейді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
LRT диспетчерлерінің негізгі міндеттері:
– Оперативтік басқару мен диспетчерлеуді жүзеге асыру;
– LRT жылжымалы құрамның қозғалыс режимін түзету туралы уақтылы шешімдер қабылдау;
– Жолаушыларды кесте мен төтенше жағдайларға әрекет ету тәртіптеріне сәйкес қауіпсіз және уақытылы тасымалдауды қамтамасыз ету.
Біздің ұсынысымыз:
– Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;
– Жұмыс берушінің есебінен оқыту/біліктілікті арттыру, нәтижесінде жеңіл рельсті көлік (LRT) диспетчерлеу бойынша халықаралық үлгідегі сертификат беріледі.
Оқу мерзімі – 6 айға дейін. Оқыту Астана қаласында және Қытай Халық Республикасында жұмыс берушінің есебінен өткізіледі. Қызметкерлер Қазақстан Республикасының азаматтарынан жасақталады.
Мақсаты – LRT жүйелерін диспетчерлеу дағдыларына үйрету.
Кандидаттарға қойылатын талаптар:
– Көлік, теміржол көлігі саласында жоғары білім;
– Көлік басқару саласында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі, соның ішінде кемінде 6 ай диспетчер/оператор лауазымында.
Қосымша талаптар:
Дамыған коммуникативтік дағдылар, ұйымдастырушылық қабілет, жауапкершілік;
Flash мониторингтік бағдарламалық қамтамасыз етуді меңгеру;
Іссапарларға дайын болу.
Оқу кезеңінде жұмыс уақытының режимі – екі демалыс күнiмен бес күндік жұмыс аптасы.
Оқуды аяқтағаннан кейін – ауысымдық жұмыс кестесі.