Ел тынысы

Креативті экономика субъектілерінің саны 17% өсті

Қазақстан Әлемдік зияткерлік меншік ұйымы рейтингінде (WIPO) креативті өнімдер мен қызметте» көрсеткіші бойынша 93-орыннан 65-орынға, ал кинематография саласында 60-орыннан 31-орынға көтерілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

2025 жылдың екінші жартысында Корпоративтік креативті индустрияны қолдау қоры өз жұмысын бастайды. Қор төрт негізгі бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Атап айтсақ, таланттарды анықтау және акселерациялау, жобаларға инвесторлар тарту және инфрақұрылымды дамыту, сондай‑ақ қазақстандық креативті өнімдерді халықаралық нарыққа шығару.

2024 жылдан бастап 40 креативті экономикалық қызмет түріне қатысты 2–4% бөлшек сату салығын енгізген арнайы салық режимі іске қосылды. Бұл шара креативті индустрия субъектілерінің санын жыл сайын шамамен 17%, яғни 46 667 кәсіпорынға көбейтті.

Мемлекеттің 2029 жылға қойған жоспары бойынша креативті индустриялардың ЖІӨ-ге қосқан үлесін 2%-ға дейін арттыру (бүгінде 1%), креативті өнімдер мен қызметтер экспортынының көлемін 115 млн АҚШ долларына, ал осы салада қызмет ететін мамандар санын 180 мыңға дейін жеткізу көзделген.

Бұл шаралар креативті индустрияның Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық маңызын көрсетіп, елдің әлемдік нарықта жоғары орындардан көрінуіне сеп болады.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button