
Астанадағы №3 көпбейінді балалар ауруханасында жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған кездесу өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы Астана қаласы Есіл аудандық филиалының мүшелері қатысушыларға Ата заңның негізгі ережелері мен өзгерістерін жан-жақты түсіндірді. Жоғары санатты гинеколог дәрігер Сұңқар Хангелдина және Астана қаласының Жас сайлаушылар клубының мүшесі Мерхат Жылқыбаев тарихи маңызы бар шешім қабылдауда әр азаматтың белсенділігі маңызды екенін атап өтті.

– Жаңа Конституцияны қабылдау мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртудың айрықша кезеңі болмақ. Түпкілікті шешімді азаматтар 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумда қабылдайды, – деді С.Қосманапқызы.
Жиында жаңа редакциядағы Конституцияның басты ерекшеліктері кеңінен айтылды. Спикерлер алдағы тарихи кезеңге қадам басар тұста Ата заңдағы әрбір өзгерісті азаматтардың толық білуі керектігін атап өтті.
Индира БЕРЖАНОВА



