Конституцияның 30 жылдығына орай елордада ауқымды құқықтық форум өтті

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Конституциялық өзгерістер. Заң және тәртіп» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шараны Заңнама және құқықтық ақпарат институты мен Мәжіліс депутаты Марат Башимов ұйымдастырды.
Конференцияны аша отырып, Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев құқықтық тәртіпті нығайту мен конституциялық нормаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
Қатысушылар қатарында – Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Е.Н. Жиенбаев, Жоғарғы Сот Төрағасы А.А. Мерғалиев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік, Жоғары Сот кеңесінің басшылары, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А.Е. Ластаев, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, халықаралық және ғылыми ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ шетелдік сарапшылар болды.
Конференция барысында қатысушылар заң үстемдігін нығайту, құқықтық жүйені дамыту және адам құқықтарын қамтамасыз ету бойынша практикалық ұсыныстармен алмасты.