Ел тынысыСаясат

Конституцияны жаңарту — мемлекеттің институционалдық тұрақтылығын нығайтудың маңызды тетігі

 «Конституция» деген сөзді естігенде, оны көбіне ресми әрі бізден алшақ құжат ретінде қабылдаймыз. Ал шын мәнінде, бұл – біз туралы құжат. Қандай елде өмір сүргіміз келетіні, қандай құндылықтарды негіз деп санайтынымыз, қандай қағидаларды қолдауға дайын екеніміз осы құжатта айқындалады.

2026 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша республикалық референдум өтеді. Бұл – әрбір азаматтың ел болашағын бірге қалыптастыруға тікелей қатысатын маңызды сәті.

Білім беру және кәсіби біліктілікті дамыту саласында еңбек етіп жүрген адам ретінде, жаңа өзгерістердің өзегінде адамның өзі, оның құқықтары, мүмкіндіктері мен әлеуеті тұрғаны мен үшін аса маңызды.

Бүгінде елдің бәсекеге қабілеттілігі тек экономикалық көрсеткіштермен өлшенбейді. Ол білім деңгейімен, кадр даярлаудың сапасымен, жаңа технологияларға бейімделу қабілетімен айқындалады.

Азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын конституциялық деңгейде бекіту – уақыт талабынан туындаған, аса өзекті әрі қажетті қадам. Әлем қарқынды өзгеріп келеді, сондықтан заңнамалық негіздер заман сын-қатерлерінен озып, адамның мүддесін қорғауға тиіс.

Кәсіпкер әрі кәсіби қауымдастықтың өкілі ретінде мен Конституцияны жаңартуды мемлекеттің институционалдық тұрақтылығын нығайтудың маңызды тетігі деп бағалаймын. Ал тұрақтылық – бұл сенім. Сенім – инвестиция. Инвестиция – жұмыс орындары мен даму.

Референдум – жай ғана рәсім емес. Бұл – Қазақстанды ертең қандай ел ретінде көргіміз келетінін саналы түрде айқындайтын мүмкіндік.

Гаухар Оразғалиева, 

Астаналық Кәсіпкерлер палатасының «Оқу орталықтары» кіші комитетінің төрағасы, кәсіпкер

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button