Ел тынысыСаясат

Конституциялық соттың құрылуы — адам құқықтарын қорғаудың басты кепілі

Конституциялық комиссия отырысында жаңа Ата заң мәтінінің алғашқы жобасы қаралды. Барлық идеялар мен ұсыныстар жүйеленіп, 95 баптан тұратын толыққанды құжат ретінде рәсімделді. Атқарылған жұмыс көлемі ауқымды екені даусыз.

Бұл — еліміздің саяси және құқықтық жүйесін жаңғыртуға бағытталған қоғамдық сұранысты айқындайтын жүйелі құжат.

Бірқатар өзекті тұстарды ерекше атап өтсек:

Парламентті бір палаталы ету ұсынылып отыр. Құрылтай жұмысының жеделдігін арттыру көзделген. Сонымен қатар, Үкіметтің Парламент алдындағы есептілігі мен жауапкершілігі айтарлықтай күшейтіледі.

Халық Кеңесі қоғамдық пікірді нақты шешімдерге ұластыратын пәрменді құрылымға айналады. Кеңеске заң шығару бастамасы мен референдум өткізу туралы ұсыныс айту құқығы берілмек. Бұл — мемлекет пен бұқара арасындағы берік институционалдық алтын көпір.

Құқық қорғау саласы да айтарлықтай нығая түседі. Адвокатураның конституциялық мәртебесі мен дербес Конституциялық соттың құрылуы — адам құқықтарын қорғаудың басты кепілі.

Тағы бір маңызды жайт, Конституцияға өзгерістер енгізу тек бүкілхалықтық референдум арқылы ғана жүзеге асырылады. Ал мұндай референдумды бастау құқығы Халық Кеңесіне де беріледі.

Қарақат ӘБДЕН,

Мәжіліс депутаты 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button