
15 Наурыз — Референдум! Президент Жалпыхалықтық референдум өтетін күнді белгіледі. Сонымен Ата заң толық талқылаудан өтіп, халыққа ұсынылды. Конституция кіріспесінде біздің ұлттық құндылықтарымыз нақты жазылған, сондықтан олар қанша уақыт өтсе де, мызғымас болады.
Онда қазақ жеріндегі өркениет пен мемлекеттіліктің терең тамыры бейнеленген. Еліміздің Ұлы даланың ұлы мемлекеттерімен сабақтастығы туралы нық мәлімделді. Мемлекеттің біртұтас сипаты, шекараларға қол сұғылмаушылық және аумақтық тұтастық жеке қағидаттық ережемен белгіленді. Бұл бағдарлар Қазақстан Республикасының егемендігін, тұрақтылығы мен қауіпсіздігін нығайту басымдығын көрсетеді.
Кіріспеде «Әділетті Қазақстан» құндылық бағдарлары және «Заң мен тәртіп» қағидаты бекітілген, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы расталған, бұл әділетті мемлекеттік басқаруға, заңдылықты нығайтуға және институттарға деген сенімді арттыруға ұмтылысты көрсетеді.
Қоғамдық бейбітшілік пен орнықты дамудың негізі ретінде этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтауға елеулі көңіл бөлінеді.
Мәдениет пен білім, ғылым мен инновация елдің бәсекеге қабілеттілігі мен адами капиталды дамыту факторлары ретінде болашақтың басымдықтарымен белгіленеді. Жалпы құндылық ретінде табиғатқа ұқыпты қарау және экологиялық әл-ауқат үшін жауапкершілік те бекітіледі.
Кіріспедегі бұл өзгерістер сарапшылар арасында олардың заңды құжатта қаншалықты бекітілуі қажет екендігі туралы сұрақтар туғызады. Құндылық қатарын күшейту үшін оларды келесі бағытта ілгерілету ұсынылады:
Конституция – бұл өкілеттіктер мен рәсімдердің бөлінуін реттейтін заңды құжат қана емес, сонымен қатар қоғамдық шарттың құндылық шеңберін белгілейтін нормативтік-құндылық негізі. Кіріспеде құндылықтарды бекіту жетілген мемлекеттер Конституцияларының қалыптасқан тәжірибесі болып табылады. Мысалы, кіріспелерде адамның қадір-қасиеті, әлеуметтік әділеттілік, құқықтың үстемдігі, ынтымақтастық, тұрақты даму сияқты санаттар бекітіледі. Бұл ережелер тікелей заңды міндеттер туғызбайды, бірақ құқықтық тәртіп философиясын анықтайды. Сондықтан біздің кіріспеде көрсетілген бағдарлар мемлекет пен қоғам дамуының жаңа кезеңін көрсетеді.
Сыртқы саясаттың бейбіт бағытын және барлық мемлекеттермен ынтымақтастыққа ұмтылысты сақтай отырып, жаңартылған кіріспе халықтың бірлігіне, мемлекеттілікті, әділдік пен заңдылықты нығайтуға, азаматтардың құқықтарын қорғауға, жаңғыртуға және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікке негізделген жаңа қоғамдық шартты көрсетеді.
Бұрынғы кіріспе тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде мемлекет пен қауымдастықтың шындығын көрсетті. Қазіргісі – қалыптасқан мемлекетке тән, кемелденген, жауапты қоғамның бейнесі, ол алға қарап, болашаққа ұмтылған.
Мемлекеттік құрылыстың барлық аталған қағидаттары біздің мақсаттарымыз, ұмтылыстарымыз тұрғысынан өзекті.
Басқару нысаны – президенттік республика.
Республиканың 3 түрі бар: парламенттік, президенттік, аралас. Біздің республика президенттік, онда Президент мемлекет пен үкіметтің басшысы болып табылады. Ұсынылған өзгеріс «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасына сәйкес келеді.
Нұртөре ЖҮСІП,
ҚР Парламенті сенатының депутаты



