Қоғам

Коммуналдық сала қызметкерлері арасында мини-футболдан турнир өтті

Елорда күні қарсаңында қаладағы коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлері арасында кәсіби мини-футбол турнирі ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Турнир Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының алаңында өтті. Жарысқа алты ұйымның командалары қатысты:
• «Астана Тазалық»;
• «Астана су арнасы»;
• «РЭК» АҚ;
• Elorda Eco System;
• «Астана-Теплотранзит»;
• «Астана көгалдандыру құрылысы».

«Бұл шараны жұмысшы мамандық иелері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізіп отырмыз. Олардың денсаулығы – ең маңызды мәселе», – деді Байқоңыр ауданы әкімдігінің бас маманы Бауыржан Алдауов.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне кубоктар, медальдар және алғыс хаттар табысталды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button