Білім

Колледж үздіктері

Елордадағы Жоғары көлік және коммуникация колледжінде оқу жылының қорытындысы бойынша үздік оқушыларды марапаттауға арналған «Жұлдыздар шеруі-2025» атты салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шара дарынды жастарды қолдауға, олардың ынтасын арттыруға және білімнің маңызын насихаттауға бағытталды. Үздіктердің қатарында оқу орнында білім, өнер, спорт және қоғамдық жұмыстарда ерекше көзге түскен талантты да еңбекқор 65 студент болды.

Жиын барысында сөз алған колледж директоры Берлік Капезов студенттерге ізгі тілегін жеткізіп, биылғы жиын «Жұмысшы мамандықтары жылы» және білім ошағының 80 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылғанын атап өтті.

– Біздің колледжде белсенді білім алушылар көп. Жас дарын иелерінің жетістігі оқу орнының абыройын асқақтатып, олардың елімізді алға сүйрейтін буын екенінің жарқын көрінісін айқындайды. Салтанатты жиын жыл сайын дәстүрлі түрде оқу жылының соңында ұйымдастырылып келеді. Біз студенттерге құрмет көрсету арқылы олардың колледж өміріндегі қоғамдық жұмысын бағалап, өзгелерге үлгі еткіміз келеді, – деді колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бота Сайранкокқызы.

Салтанатты марапаттау кешінде колледж өнерпаздары жиын қатысушыларына шағын концерт бағдарламасын ұсынды. Ал үздік студенттер дипломдармен, алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Индира Бержанова

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button