Қоғам

Көз байлап боулинг ойнау турнирі өтті

Астанадағы «Думан» қонақүй кешенінде Елорда күніне орай «Экстрабилити-2025» боулинг турнирі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Турнир қалалық мекемелердің қызметкерлері мен «Мүгедек жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері арасында ұйымдастырылды.

Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды «Астана жастары» қоғамдық ұйымының ұжымы иеленді. Екінші орынды – «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ мен «Егемен Қазақстан» газетінің журналистері, ал үшінші орынды – Астана қаласының «Мүгедек жастар қоғамы» жеңіп алды.

Турнирдің ерекшелігі – қатысушылардың көзін байлап ойнауында болды. Мұндай ерекше формат әр қатысушыға өз бойындағы жаңа қабілеттерді ашуға, ішкі қорқыныштарын жеңуге және өз күшіне сенуге мүмкіндік берді.

«Осындай турнирлер жиі ұйымдастырылып тұрса екен дейміз. Олар адамдарды біріктіріп, мүмкіндіктерін ашуына жол береді. Қатысушыларға денсаулық, шаттық, табыс пен амандық тілейміз», – деді қатысушылар.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button