Құқық

Көшелерде лудоманияға қарсы ақпараттық акция өтті

Жастар арасындағы лудоманияны алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған «Jarqyn Bolashaq» жобасы аясында «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы елордалық көшелерде ақпараттық акция ұйымдастырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Акция барысында волонтерлер – қаладағы университеттер мен колледж студенттері ойынға тәуелділіктің алдын алу жөніндегі ұсыныстар, оның салдары туралы түсіндірме ақпарат және көмек пен консультация көрсететін ұйымдардың байланыс деректері бар буклеттер таратты.

Іс-шараның мақсаты – жастар мен қала тұрғындарының лудомания қаупі туралы хабардарлығын арттыру, цифрлық және ойын қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.

Волонтерлер буклеттерді таратып қана қоймай, лудоманияның зияны туралы да айтып өтті.

«Бұл буклеттерді, әсіресе, жастарға таратып жатырмыз.

Олар лудоманияның барлық салдарын түсінуі керек. Біз үшін маңыздысы – тек тәуекелдер туралы ескерту емес, сонымен бірге көмек әрқашан қолжетімді екенін көрсету.

Сондықтан біз қиын психологиялық жағдайда ойын тәуелділігінен зардап шеккен адамдарға хабарласа алатын ұйымдардың телефондары мен байланыс деректерін көрсетеміз», – деді «Астана жастары» маманы Алуа Балтабаева.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button