Ел тынысы

Студенттерге есірткінің зияны түсіндірілді

«Заң мен тәртіп» қағидаты және «Астана – есірткісіз қала!» акциясы аясында Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінде жастар арасында есірткі қылмысының алдын алу бойынша іс-шара өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Студенттермен кездесуді қалалық полиция департаменті мен Департамент жанындағы Есірткі қылмыстарының алдын алу кеңесінің мүшелері ұйымдастырды.

Кездесудің басты ерекшелігі интерактивті формат болды. Студенттер алдында «Астана» КВН командасының («Спарта») жұлдыздары шықты. Олар жастармен еркін және бейресми жағдайда сөйлесіп, салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен айналысуға және зиянды әдеттерден бас тартуға шақырды.

Сонымен қатар, іс-шара барысында 400 студентке полиция қызметкерлері мен наркологтар сөз сөйледі. Олар есірткінің зияны, жастарды заңсыз айналымға тарту тәсілдері және есірткі қылмысы үшін жауапкершілік туралы айтып берді. Қосымша ретінде арнайы бөлімшелердің көрсетілімдері ұйымдастырылып, кинологтар мен қызметтік иттердің жұмысы көрсетілді.

«Біз жастар арасында есірткі қылмысының алдын алу жұмысын тұрақты жүргіземіз. Іс-шаралар форматы түбегейлі өзгерді, бұл енді ұйықтатып жіберетін лекциялар емес. Біз медиа тұлғаларды, спортшыларды, танымал актерлерді шақырамыз. Есірткінің зияны және оңай ақша болмайтыны туралы жастарға беделді тұлғалар интерактивті форматта айтқанда, бұл мүлде басқаша қабылданады.

Біз бұл тәсілді салауатты өмір салтын насихаттауда ең тиімді деп санаймыз», – деді Астана қалалық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы басқармасының аса маңызды істер бойынша аға тергеушісі, полиция подполковнигі Дамир Байбазаров.

Оның айтуынша, есірткі қылмысының мәселесі өзекті болып қалыр отыр, сондықтан құқық қорғау органдары жұмыс әдістерін үнемі жаңартып отыруға мәжбүр.

«Қылмыскерлер жаңа технологияларды пайдаланады, біз де артта қалмаймыз, тәсілдерімізді өзгертеміз, есірткі қылмысын анықтау және тоқтату әдістерін жетілдіреміз», – деп қосты Дамир Байбазаров.

Студенттер мұндай формат дәстүрлі профилактикалық лекциялардан әлдеқайда қызықты әрі тиімді екенін атап өтті.

«Маған бұл іс-шара өте ұнады. Актерлер, журналистер, мамандар болды. Мен мобилографиямен және видеографиямен айналысамын, әріптестеріммен тілдесе алдым. Белгілі адамдар проблема туралы айтқанда, оларды аудитория тыңдайды. Бұл тек салауатты өмірге ғана емес, жеке тұлға дамуына да мотивация береді», – деп өз әсерімен бөлісті студент Ардақ Орынбасар.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button