Әлеумет

Көк туды көкке көтерді

Астана қаласының Байқоңыр ауданындағы Ермек Серкебаев атындағы  №3 музыка мектебінде Рәміздер күніне арналған мерекелік флешмоб өтті.

Іс-шараға 40-тан астам мектеп оқушысы қатысып, қолдарына мемлекеттік Туды алып, патриоттық әндер орындады. Бұл ерекше флешмоб жас ұрпақтың ел рәміздеріне деген құрметі мен отансүйгіштік сезімін арттыруға бағытталған.

– Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба және Әнұран – біздің тәуелсіздігіміздің, егемендігіміздің және ел бірлігінің айқын нышандары. Бүгінгі мерекелік шара – өскелең ұрпақтың жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілікті ояту, рәміздерімізге деген құрметті қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Бүгін өнер мектебінің оқушылары өз өнерлері арқылы елге деген махаббаттарын, мақтаныштарын паш етті. Баршаңызды Рәміздер күнімен құттықтаймын!, – деді Астана қаласы әкімдігінің Ермек Серкебаев атындағы  №3 балалар музыка мектебінің филиал меңгерушісі Фатима Ахметова.

Мұндай іс-шаралар оқу­шы­лардың бойында ұлттық рухты нығайтып, тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын сіңіруге үлкен үлес қосары сөзсіз.

Шапағат ӘБДІР

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button