Климаттың өзгеруінің су шаруашылығы саласына әсері талқыланды

Астанада Су шаруашылығы қызметкерлері күніне орай «Климаттың су шаруашылығы саласына әсері» тақырыбында конференция өтті. Іс-шараға Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы өкілдері, сондай-ақ отандық және шетелдік сарапшылар қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Сарапшылар Қазақстандағы су тасқыны мен құрғақшылықты болжау, су секторын климаттың өзгеруіне бейімдеудің цифрлық шешімдері, су заңнамасындағы климаттың өзгеруіне бейімделуді реттеу, климаттың өзгеруінің теріс әсерін болдырмау жөніндегі Парламент бастамалары сияқты мәселелерді талқылады.
«Мемлекет басшысы климаттың өзгеруіне бейімделуге арналған кешенді шаралар әзірлеудің маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Осыған орай жаңа Су кодексі қабылданып, нормативтік-құқықтық база жаңартылды. Бұл құжатта климаттың өзгеруінің салдарын азайтуға бағытталған нормалар қарастырылған. Бұдан бөлек, су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасы аясында су инфрақұрылымын салу және реконструкциялау, сондай-ақ су үнемдеу технологияларын енгізу бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілінің міндетін атқарушы Сухроб Ходжиматов су секторының климаттың өзгеруіне бейімделуі жолындағы халықаралық әріптестіктің рөлін ерекше атап өтті.
– деді Сухроб Ходжиматов.
Сондай-ақ конференция аясында Су шаруашылығы қызметкерлері күніне орай мемлекеттік және ведомстволық наградаларды табыстау рәсімі өтті.