Климаттың өзгеруі және тұрақты энергетика

Іс-шараға Беларусь, Қырғызстан, Пәкістан, Палестина, Тәжікстан, Өзбекстан өкілдері, сондай-ақ ШЫҰ және АӨСШК АМЛ, хатшылықтары қатысты.
Министр өз сөзінде елдерге заманауи климаттық сын-қатерлерге бірлесіп қарсы тұруға мүмкіндік беретін жаңартылатын энергетиканы, сутегі технологияларын және бейімделу шараларын дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, 2026 жылдың 22-24 сәуірінде Астанада БҰҰ қолдауымен өтетін өңірлік экологиялық саммиттің өткізілетінін атап өтіп, шараға қатысуға шақырды.
«Қазақстан Орталық Азия мен араб әлемі арасындағы көпір болуға, сөздердің нақты жобалар мен серіктестіктерге айналуына жәрдемдесуге дайын», — деп атап өтті Министр Е.Нысанбаев өз сөзінің соңында.
Іс-шара қорытындысы бойынша ШЫҰ және АМЛ елдерінің климаттық ынтымақтастық және тұрақты энергетика жөніндегі бірлескен мәлімдемесі қабылданды, онда тараптардың үздік тәжірибелермен алмасу, бірлескен бағдарламаларды іске асыру және климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі күш-жігерді үйлестіру тетіктерін құру, климаттық жобалар үшін қаржыландыруды тарту, 2026 жылғы өңірлік экологиялық саммитте талқылау үшін бірлескен бастамалар мен ұсыныстарды дайындау арқылы климаттық саясат саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бейілділігі расталды.