Елорда тынысы

Кітапханада «Экология әлеміне саяхат» экоквесті өтті

Астанада «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №6 балалар кітапханасында «Экология әлеміне саяхат» атты экоквест ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Зияткерлік форматтағы іс-шара балалардың экологиялық ойлауын қалыптастыруға, табиғатқа ұқыпты қарым-қатынасын дамытуға және қоршаған орта туралы білімдерін бекітуге бағытталды. Іс-шараға №86 «Зияткер» балабақшасының тәрбиеленушілері қатысты.

Экоквест барысында қатысушылар тақырыптық станциялардан өтіп, экологиялық мәдениетті дамытуға және қоршаған ортаға жеке жауапкершілікті сезінуге бағытталған түрлі тапсырмаларды орындады. Ойын форматы балалардың қызығушылығын арттырып, жаңа білімді тиімді меңгеруге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, №6 балалар кітапханасында «Таза Қазақстан» тақырыбы аясында оқырмандар назарына тақырыптық кітап көрмесі ұсынылып, экологиялық тәрбиеге бағытталған түрлі форматтағы танымдық және тәрбиелік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл бастамалар жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа жанашыр көзқарасын дамытуда маңызды рөл атқарады.

«Біз балаларға экологиялық білімді қызығушылық пен белсенді қатысу арқылы жеткізуді мақсат еттік. Кітап – негізгі құрал, ал ойын форматы материалды жақсы меңгеруге және табиғатқа саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді», – деді №6 балалар кітапханасының кітапханашысы Малика Смайылова.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button