Кітапхана саласы қызметкерлері марапатталды

Елордада Республика күні қарсаңында, кітапханашылар күніне орай елорданың кітапхана саласы қызметкерлері марапатталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Іс-шара Республика күні қарсаңында ұйымдастырылып, сала мамандарының кәсіби жетістіктері мен саланың дамуына қосқан үлесі атап өтілді.
Кітапхана – қоғамның таным көкжиегін кеңейтіп, оқуға деген қызығушылықты арттыратын маңызды орталықтардың бірі.
Қазіргі уақытта кітапхана жүйесін жаңғырту, кітап оқуды насихаттау және оқырман белсенділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.
Кітапхана ісін дамыту мен оқырман мәдениетін ілгерілетуге қосқан үлесі үшін бірқатар қызметкерлер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің марапаттарына ие болды.
Марапаттарды Астана қаласының Мәдениет басқармасының басшысы Жаңабай Мейірманқұлов табыс етті.
«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен:
Керімбекова Манат Аршабайқызы
Жұмабаева Гүлайым Едгенқызы
Әлиева Қымбат Тұрашқызы
Құрмет грамотасымен:
Сайлаубекова Рабиға Лесбекқызы
Серікбаева Раушан Аухадиқызы
Кабулова Айнаш Сафарқызы
Сонымен қатар саланың дамуына қосқан үлесі үшін мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева атынан алғыс хаттар табыс етілді:
Хаңжаң Майса
Жұмқазиева Гүлгаухар Шапағатқызы
Кітап арқылы білімге жол ашып, мәдениеттің дамуына үлес қосқан барша қызметкерлерге зор алғыс білдіреміз!



