Елорда тынысы

«Кітап және жасанды интеллект» танымдық іс-шарасы өтті

Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Әке мен бала» клубы аясында «Кітап және жасанды интеллект» тақырыбында танымдық іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараның басты мақсаты – кітап оқудың маңызын заманауи технологиялардың мүмкіндіктерімен ұштастыру арқылы әке мен бала арасындағы рухани байланысты нығайту, жас ұрпақтың танымдық қызығушылығын арттыру және жасанды интеллектіні қауіпсіз әрі тиімді қолдану мәдениетін қалыптастыру.

Дөңгелек үстелді журналист, веломарафоншы Ернат Рахметолла жүргізді. Модератор қатысушыларды еркін пікір алмасуға шақырып, кітап пен цифрлық технологияның үйлесімді дамуы туралы өзекті ойлар қозғады.

Кітапхана басшысының орынбасары Айтоты Жакупова кітапхананың электронды ресурстары туралы кеңінен ақпарат берді. Әсіресе, «Kazneb» ұлттық электронды кітапхана қорының мүмкіндіктеріне тоқталып, цифрлық қордың оқырман үшін қолжетімділігі мен артықшылықтарын атап өтті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button