Ел тынысы

Кинодан кейін ерекше экоакция ұйымдастырылды

Астанадағы кинотеатрлардың бірінде фильм көрсетілімінен кейін келушілер көрермендерден қалған қоқысты жинап, мәдениет пен жауапкершілік үлгісін көрсетті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Залдан шығар кезде көрермендер бос сусын стақандарын, попкорн қаптамаларын және өзге де қоқысты арнайы контейнерлерге тастап шыққан. Нәтижесінде сеанс аяқталғаннан кейін зал таза күйінде қалды.

«Егер таза қалада өмір сүргің келсе, ең алдымен өзіңнен, тіпті осындай ұсақ-түйектен бастау керек», – деді келушілердің бірі.

Мұндай әрекет қоғамдық орындарға ұқыпты қараудың және кинотеатр қызметкерлерінің еңбегіне құрмет білдірудің ерекше үлгісіне айналды. Осындай бастамалар жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастырып, қаланың тазалығы әрбір тұрғыннан басталатынын көрсетеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button