Ел тынысы

Киіз үй түріндегі LEGO үлгісі әзірленді

Қазақстандықтар (NOMAD YURT жобасы) киіз үй түріндегі LEGO үлгісін әзірледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

LEGO Ideas – шынайы LEGO дизайнын дайындауға арналған платформа. Отандастарымыз барлық тексерістерден сәтті өтіп, өз жобаларын LEGO Ideas сайтына жүктеді. Енді 10 мың дауыс жинаса, LEGO бұл сұлбаны өндіріске шығаруды қарастырады. Жоба мақсаты – көшпенділер тарихын әлемге таныстыру. Жоба авторлары киіз үймен ғана шектелмейміз деп отыр.

Ендеше, біз бен сіз болып, алғашқы қазақы LEGO-ның шығуына атсалысайық!

Жобаға осы сілтеме арқылы дауыс беруге болады: ideas.lego.com

Жоба авторларының Instagram-парақшасы: @nomad.yurt

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button