Құқық

Киберқауіпсіздік саласына кадрлар даярлау мәселесі талқыланды

Астана қаласында «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» және «Ақпараттық қауіпсіздік» бағыттары бойынша Оқу-әдістемелік бірлестігінің «Кибербілім күні: қауіп, қорғаныс, перспективалар» атты көшпелі семинары өтті. Іс-шара AstanaHub алаңында ұйымдастырылып, мемлекеттік органдардың, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының, индустрия өкілдерінің және негізгі стейкхолдерлердің басын қосты. Семинар бағдарламасына Мемлекеттік техникалық қызметке (МТҚ) жасалған экскурсия да енгізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Семинарды Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Мусалиев Досжан Уалдинұлы және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Жарасова Гүлжан Сағидоллақызы ашты.

Семинардың негізгі тақырыптарына киберқауіпсіздік саласындағы жаңа кәсіби стандартты енгізу, киберқауіптердің өзекті трендтері, мамандар даярлау үдерісіне жасанды интеллект технологияларын интеграциялау, зерттеу құзыреттерін дамыту және еңбек нарығының заманауи талаптары кірді.

Күннің екінші жартысында университеттер, жұмыс берушілер және министрлік өкілдері қатысқан практикалық сессия өтті. Жұмыс топтары қолданыстағы білім беру бағдарламаларын талдап, оларды жаңа кәсіби стандартпен және халықаралық тәжірибемен салыстырды, сондай-ақ бейінді пәндердің мазмұнын жаңарту бойынша ұсыныстар әзірледі. Іс-шара қорытындысы бойынша ақпараттық қауіпсіздік бағытындағы білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жаңғыртуға қатысты ұсыныстар дайындалды.

Семинар мемлекет, академиялық қауымдастық және индустрияның күш-жігерін біріктіріп, Қазақстанның цифрлық экономикасы үшін жоғары білікті кадрларды даярлауға бағытталған маңызды алаңға айналды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button