Кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Астанада 28 және 29 маусым күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімі ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдері, нан-тоқаш, табиғи шырындар, тосаптар мен джемдер және басқа да өнімдерді тиімді бағамен сатып ала алады.
Шара 28 және 29 маусым күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.
Айта кету керек, елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 («Рио-де-Жанейро» тұрғын үй кешенінің қарсы бетінде) мекенжайында тұрақты түрде жұмыс істеп тұр. Жәрмеңке күн сайын сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін келушілерге ашық.
Келушілердің ыңғайлығы үшін жәрмеңке маңынан №2, 32, 49, 50, 73 бағытындағы автобустар жүреді. Бұл шара өтетін орынға жылдам жетуге мүмкіндік береді.