Қала мен сала

Кеңістік пен гүлзар ашылады

Астана қаласының Урбанистика орталығы елордада жаңа қоғамдық кеңістіктер мен гүлзарлар ашылатынын мәлім етті.

Негізгі жобалардың бірі – ­Б.Момышұлы даңғылында жүзеге асырылады. Тәуелсіздік даңғылынан М.Жұмабаев көшесіне дейінгі учаскеде қоғамдық кеңістікті кешенді жаңарту жоспарланған – жаяу жүргіншілерге қолайлы орта, көгалдандыру және сапалы қалалық орта қалыптастыруға басымдық беріледі.

Жоба аясында көше жарығын жаңарту, ірі ағаштар отырғызу, жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ тұрғын үйлер маңында жайлы демалыс және шағын саябақ аймақтарын құру қарастырылған.

«Сәтпаев көшесімен қиылысында жаңа гүлзар пайда болады. Бұрын бұл аумақ тұрғын үй құрылысына қарастырылған, алайда оны тұрғындар үшін сақтап, жасыл қоғамдық кеңістік қалыптастыру туралы шешім қабылданды.

Мұндай шешімдер қаланың басты басымдығын көрсетеді – өмір сүруге қолайлы, қолжетімді және теңгерімді ортаны дамыту» делінген хабарламада.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button