Басты ақпаратҚоғам

«Келешек» – бала болашағының кепілі

Осыдан екі жыл бұрын Мемлекет басшысы балаларымыздың болашағы үшін «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін әзірлеуді тапсырған еді. Бұл – елдің ақшасын үнемдеп қана қоймай, балаларымыз­ды жоғары біліммен қамтамасыз ету үшін жақсы жағдай жасау­ға бағытталған жоба.

«Қаржы орталығы» АҚ Ілгерілету және сыртқы коммуникациялар департаменті директорының міндетін атқарушы Диас Жамбыловтың айтуынша, жүйе­нің негізгі мақсаты – әртүрлі көздерден (ата-ана, сақтандыру компаниясы, мемлекет) түсетін қаражатты бірыңғай жинақтаушы жүйесіне жинақтау.

«Бұл – жоғары, техникалық және кәсіптік білім беруді қоса алғанда, елімізде және шет елдерде білім беру қызметтеріне ақы төлеу мақсатында Қазақстан балалары 18 жасқа толғанға дейін қаржы қаражатын тұрақты жинақтау үшін оларға арналған мемлекеттік білім беру гранттарын бөлумен қатар, іске асырылатын мемлекеттік қолдаудың қосымша тетігі. «Келешек» жүйесіне қатысу үшін ата-аналар немесе қамқоршылар банкте депозит ашуы керек немесе Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің қатысушысы болып табылатын өмірді сақтандыру компанияларымен шарт жасасады. Сонымен қатар бағдарламада қамтитын базалық параметрлерді ескеруі қажет» дейді ол.

Айта кеткен жөн, «Келешек» жүйесі аясындағы жинақтармен қатар, Ұлттық қордың инвестициялық кірісінен жыл сайын 50% мөлшерінде Қазақстанның кәмелетке толмаған әрбір азаматына «Балаларға арналған ұлттық қор» аясында қаражат бөлінетін болады. Кейіннен бала 18 жасқа толған кезде жинақ жүйесі сақтандыру компаниясынан жинақталған қаражатпен Ұлттық қорда жинақталған барлық жинақтарды біріктіріп, өзі таңдаған ЖОО-ға оқу ақысын төлеуге мүмкіндігі болады.

«Жалпы алғанда, бүгінгі таңда Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің серіктес­терінің саны – 14. 2025 жылғы қаңтар айындағы салымшылардың саны 91 509 қатысушыны құрайды.

«Келешек» шеңберінде барлық шоттарды Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры, ал сақтандыру төлемдерінің барлық сомасын – Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры сақтандыратын болады. Сонымен бірге салымдарға өндіріп алу, тыйым салу бойынша талаптар немесе өзге де шектеулер қолданылмайды. Егер жасөспірім мемлекеттік грант ұтып алған болса жинақтауды одан әрі жалғастыра беруіне, қаражатты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға пайдалануға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсауға, осы бағдарламаға қатысатын үшінші тұлғаға аударуына немесе барлық жинақталған қаражатты қатысушы-банктің капиталдандырылған сыйақысымен, мемлекеттен берген сыйақылармен және бастапқы білім беру капиталымен алуына болады» дейді «Қаржы орталығы» АҚ Ілгерілету және сыртқы коммуникация­лар департаменті директорының міндетін атқарушы Диас Жамбылов.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button